АймақЖаңалықтарҚоғам

МОНИТОРИНГТІК ТОП САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНДА БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ЗЕРДЕЛЕДІ

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау күшейтілген. Бүгін мониторингтік топ бірқатар ірі сауда орталықтарындағы азық-түлік бағаларын зерделеп қайтты. Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қайрат Базарбековтың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары «Грамад» және «Магнум» ірі сауда желілерінде белгіленген бағада сатылуда. Шарт бойынша ірі сауда нысандарында сатылатын тауарлар бекітілген баға шегінен асырылмауы тиіс.

– Бүгінгі таңда азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ. Қорымызда бірқатар азық-түлік тауарлары жеткілікті. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 204 бабы 4-тармақшасында сауда үстемесі 15 пайыздан артқан жағдайда әкімшілік шара көру көзделген. Бұл баптың негізінде алдымен ескерту шаралары жүргізіледі. Өткен жылы 2 сауда субъектісіне ескерту берілді. Биыл бір әлеуметтік дүкенде тауар сапасына қатысты шағым Ал азық-түлік бағасының шекті мөлшерден асырып жатқанын көрсеңіздер, 24-75-41 нөміріне хабар беріңіздер, — дейді бөлім басшысы.

Қаладағы баға тұрақтылығын қадағалау бойынша мониторингтік топ барған «GRA-MAD» сауда желісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне енген бірінші сортты бидай ұнының келісі 170 теңгеден, нан 80 теңгеден, макарон өнімі 193 теңгеден саудалануда. Сондай-ақ, аталған сауда желісінен қырыққабатты 119 теңгеден, сәбізді 148 теңгеге, картоп (138 теңге) пен пиязды 75 теңгеден алуға болады.

«Шымкент келбеті» – Азамат ЖӘДІГЕРҰЛЫ,

Фото Серік ҚОСАЕВ

ШЫМКЕНТТЕ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ 

Алдыңғы

ИНДИКАТОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *