АймақЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ардагерлермен кездесті. Жыл басындағы дәстүрлі жүздесуде өткен жылғы жасалған жұмыстарды саралады. Халықтың әл-ауқатын арттыруды, тұрмыс-тіршілігін түзетуді көздейтін алдағы атқарылар жобалар мен жоспарларды айтты.

«Біз қашанда «үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсеткен халықпыз. Елдігіміздің ұйытқысы болған аға буын өкілдерінің орны айрықша. Осында отырған әрқайсыңыз құрметке лайықсыздар, қаламыздың өркендеуіне қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін. Қаламыз жылдан жылға көркейіп, еліміздегі ірі мегаполиске айналды. Ендігі жерде қаламызды одан әрі дамытып, тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау ол біздің міндет. Алға қойған жоспарлы межені орындап, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра береміз», — деді М.Әйтенов.

Биылғы жыл Тәуелсіздігіміздің тарихында алғаш рет қасіретті оқиғамен басталғанын айтып — пандемия тұсында қысыл таяң сәтте болған қанды оқиға барлығымызды есеңкіретіп тастады. Бүкіл әлем алдында тәуелсіздігіміз бен елдігіміз сынға түсті. Дегенмен ел болып дер кезінде Мемлекет басшысының жанына ұйыса білдік. Ендігі уақытта мұндай қасіретті оқиға болмасын деп тілегін жеткізді.

Жиынға келген әр ауданның ардагер тұрғындары да өскелең ұрпаққа мұра етіп қалдырар тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолында бірлесе жұмыс жасауға әрқашан дайын екендіктерін жеткізді. Жұмыстың қай бағытта ақсап жатқанын айтып, пікірлерімен бөлісті.  Сонымен, Шымкент әкімі М.Әйтеновтің қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрғысында баяндаған сандарға тоқталсақ,

✅Өткен жыл қорытындысымен өнеркәсіп өнім көлемі 5,4 пайызға, инвестиция көлемі 65 пайызға, құрылыс жұмыстары 11 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 56 пайызға, бөлшек сауда көлемі 6 пайызға артты.

✅Өндіріс аймақтарында 123 жоба іске қосылып, 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды.

✅Жаңадан 2 индустриалды аймақ ашу жұмыстары басталды.

✅Ауылшаруашылық саласында 14 млрд. теңгеге 24 жоба іске қосылып, 336-ден астам жұмыс орны ашылды.

✅Сауда-логистика аймағында биылғы жылы 4 жаңа қоймалардың құрылысы жоспарлануда. 1 көтерме-тарату орталығы салынатын болады.

✅100 млрд.теңгені құрайтын 54 инвестициялық жоба іске асырылып, 2 500-ден аса жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде, шетелдік инвесторлардың қатысуымен 23,8 млрд. теңгеге 4 инвестициялық жоба іске қосылды. Инвестиция көлемі 460 млрд. теңгеден асты. Биыл қалаға 540 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарлануда.

✅«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 9,8 млрд. теңгеге 2 963 жобаға қолдау көрсетілді.

✅11 мыңнан астам орынмен 25 мектеп іске қосылды. 14 үш ауысымды мектептер саны 9-ға дейін азайды. Биыл 10,5 мыңға жуық 16 мектептің құрылысын жүргізіп, үш ауысымды мектептр санын 9-дан 5-ке дейін төмендету жоспарлануда.

✅4 жекеменшік медициналық орталық ашылды. Медицина мекемелерінің материалды-техникалық базасын жаңарту деңгейі 71,5 пайыздан 77,3 пайызға жетті.

✅ «Еңбек» бағдарламасымен 35 мыңнан астам адам қамтылды. Экономика салаларында 25 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.

✅115 ойын және спорт алаңшасы пайдалануға берілді.

✅1 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.

✅ «Бір үй — бір бірлестік — бір шот» қағидасы бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің 100 пайызында басқару жүйесі енгізілді.

✅104 көше жарықтандырылды.

✅1 саябақ пайдалануға беріліп, 300 мыңнан астам ағаш, көшеттер отырғызылды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШЫМКЕНТТІКТЕР «СПУТНИК ЛАЙТ» ВАКЦИНАСЫН ҚАБЫЛДАП ЖАТЫР

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТІҢ 101 МЫҢНАН АСА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫ МЕКТЕПТЕ ТЕГІН ТАМАҚТАНУДА  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *