Бас прокуратура құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттеріне жасалған әрбір шағымды мұқият қарап, қайта тексереді. Ол құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне жедел шара қолдау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде арнайы мобильді топтар құрылған. Кезекші прокурорлардың барлық байланыс телефондары «prokuror.gov.kz» ресми сайтында орналастырылған.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.
Comments