АймақЖаңалықтарҚоғамТехнологияЭкономика

ӨНЕРКӘСІБІ ӨРКЕНДЕГЕН ҚАЛА

ШЫМКЕНТТЕ ӨНЕРКӘСІП өнімінің көлемі 2019 жылы 579,6 млрд.теңге болса, 2020-2021 жылдар аралығында 190,4 млрд.теңгеге артып, 770 млрд.теңгеге дейін жетті. Тиісінше, ауыл шаруашылығы 12,9 млрд.теңгеге (31,2 млрд.теңгеден 44,1 млрд.теңгеге), инвестиция 265 млрд.теңге (195,0 млрд.теңгеден 460 млрд.теңгеге), құрылыс көлемі 42,4 млрд.теңгеге (87,6 млрд.теңгеден 130 млрд.теңгеге) артқан.

Бүгінгі таңда қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілді.

Қала экономикасына 2020-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 3,6 трлн.теңгеге 328 инвестициялық жобалардың базасы жасақталды. Жаңа 20 мыңнан аса жұмыс орындары ашу жоспарланған. Соңғы екі жылда құны 200 млрд.теңгені құрайтын 85 инвестициялық жоба іске асырылып, 4 500 жаңа жұмыс орындары ашылды (өндіріс, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік нысандар және тұрғын үй). Оның ішінде, шетелдік инвесторлардың қатысуымен 36,8 млрд. теңгеге 9 инвестициялық жоба іске қосылды. Оның ішінде 2020-2021 жылдар аралығында Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 53,8 млрд. теңгеге 1,6 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарымен 37 жоба іске асырылды.

Қалада 426 га аумақта «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялық аймақтары жұмыс істеуде. Соңғы екі жылда құны 230,9 млрд.теңге құрайтын, 910 жұмыс орны құрылған 16 жоба іске асырылды.

225 га аумақта «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында 14,8 млрд. теңгеге 9 жоба іске қосылып, 550 жұмыс орындары ашылды.

Көліктік-логистикалық аймақта 1 инвестициялық жоба іске асырылды, құны 2,8 млрд. теңге, 50 жұмыс орны («Зерде» ғылыми-өндірістік бірлестік ЖШС). Сонымен бірге агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында 19,4 млрд.теңгеге 34 инвестициялық жоба іске асырылап, 576 жұмыс орындары құрылды.

2020-2021 жылдары ауыл шаруашылығындағы сауармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету мақсатында 31,3 шақырым каналдардың күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа қалада жаңадан 2 индустриалды және 2 агроиндустриалды аймақтарды ашу жұмыстары басталды.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 69 мыңнан 75,5 мыңға өсті. Жұмыспен қамтылғандар 159 мыңнан 168 мыңға артты. Соңғы екі жылда бизнесті қолдау мен дамыту шеңберінде «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3493 жобаға 12,7 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 162 жобаға 39,8 млрд. теңге қолдау көрсетілді.

Шағын және орта кәсіпкерлерді несиемен қамтамасыз ету мақсатында «Shymkent»-Atameken» Микро қаржы ұйымы» ЖШС-құрылды.

Шымкент қаласының 2019-2021 жылдарға арналған «Мен кәсіпкер боламын» әйелдер және жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша іс-шарасы аясында 10,0 млн.теңгеге дейін 8,5%-бен кредиттер беру және 7,5% мөлшерлемелерін субсидиялау.

Шымкент қаласында кәсіпкерлік дамыту жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шара жоспарына сәйкес, 50,0 млн.теңгеге дейін 8,5%-бен кредиттер беру және 6,5% мөлшерлемелерін субсидиялау.

ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ ЦИФРЛАНДЫРУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Алдыңғы

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *