АймақЖаңалықтарҚоғам

Тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, аулалар абаттандырылуда

ТҰРҒЫН ҮЙ БОЙЫНША

Шымкент қаласында 2021 жылы алғаш рет 1 млн ш.м. астам тұрғын үй пайдалануға берілді (2019ж. — 523,7 мың ш.м. 2021ж. – 1012,5 мың ш.м.).

Тұрғын үймен қамтуға 107,7 млрд.теңге бағытталып, 5 276 пәтерлі 81 тұрғын үй пайдалануға тапсырылған. Одан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтары мен жұмысшы жастар 2 133 пәтерлермен қамтамасыз етілген. Оның ішінде, жұмысшы жастарға – 1 200 пәтер, халықтың осал топтары мен аз қамтылған көп балалы отбасыларға – 933 пәтер.

Сонымен қатар, «SHYMKENT» ӘКК арқылы 2 229 пәтерлі 44 тұрғын үй пайдалануға тапсырылған.

2020-2021 жылы әлеуметтік көмек ретінде көпбалалы аналар, толық емес отбасы және мүгедек бала асыраушы отбасыларға «Тұрғын үй сертификаттарын беру» қағидасына сәйкес, 1,0 млн.теңгеге дейін 517 отбасыға қайтарымсыз негізде әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттары берілді. Сондай-ақ, 106 көп қабатты тұрғын үйлердің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

АУЛАЛАРДЫ АБАТТАНДЫРУ
2020-2021 жылдары 487 балалар ойын және спорт алаңшалары орнатылды. Оның ішінде 350 балалар ойын алаңшалары, 137 спорт алаңшалары. (14 спорт алаңша демеушілер есебінен)

Шымкентте инженерлік инфрақұрылым жүйелері жақсара түсуде

Алдыңғы

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *