АймақБасты ақпаратЖаңалықтарСаясат

БАТЫС ШАҒЫН АУДАНЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Шымкент қаласының орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендерді дамыту мәселесі басты назарда. Бүгін Батыс шағын ауданының тұрғындарымен кездескен қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.

«Мемлекет басшысы әрдайым бірінші кезекте халықтың жағдайын ойлап, олардың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруын басты назарда ұстайды. Тұрғандардың жайлы өмір сүруі үшін жасалатын жұмыстардың бірі коммуналдық — инфрақұрылымды дамыту. Бұл мәселе Сіздер тұрып жатқан шағын ауданда кезең-кезеңімен шешімін табуда.

Өткен жылы мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-гімен ұзындығы 151 шақырымды құрайтын ауыз су құбыры тартылып, бүгінде 10 мыңға жуық тұрғын таза сумен қамтылып отыр. Мұндағы халық бұған дейін ауладағы құдық суымен және тасымалды суды пайдаланып келген.

Шалғайдағы шағынауданға ауыз сумен қоса көгілдір отын және жарық жүйесіде тартылуда. Бұл инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары биыл аяқталып, батыстықтар сапалы электрге және көгілдір отынға қол жеткізеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Алдыңғы

«АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *