Басты ақпаратДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ РЕВАКЦИНАЦИЯ ЖАЙЛЫ:  ӘКІМДІКТЕР МӘСЕЛЕНІ ЖЕКЕ БАҚЫЛАУҒА АЛУЫ ТИІС

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов халыққа ревакцинация жасау қарқынын барынша арттыруды тапсырды, деп хабарлайды inform.kz     «Елорда, Алматы, Шымкент қалаларында және Атырау облысында коронавирус инфекциясымен науқастанудың күрт өскенін көріп отырмын. Олар «қызыл» аймаққа өтті. Алты өңір «сары» аймақта тұр. Біздің негізгі міндетіміз — эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы бойынша іс-шараларды күшейту қажет. Денсаулық сақтау министрлігі, әкімдіктер ПТР-тестілеу санын ұлғайтсын. Жедел мониторинг жүргізіп, медицина қызметкерлерімен ауруханаларда резервтік орындардың дайындығын қамтамасыз етсін. Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың жеткілікті болуын қадағалау қажет», — деді Әлихан Смайылов бүгін Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы үйде медициналық көмек көрсету үшін мобильді бригадалардың жұмысын жандандырып, оларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керектігін, дәріханаларда дәрі-дәрмектің тапшылығына жол бермеу шараларын қабылдау қажеттігін ескертті.

«Ревакцинация жасау қарқыны да өте төмен. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге халыққа ревакцинация жасау қарқынын барынша арттыруды тапсырамын. Әкімдіктер бұл мәселені жеке бақылауға алуы тиіс», — деді Премьер-Министр.

ШЫМКЕНТТЕГІ автоХҚО-ЛАР ЖҰМЫСЫН ҚАЙТА БАСТАДЫ

Алдыңғы

«Құқық қорғау құрылымдарының жұмысына шұғыл түзету енгізу қажет»

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *