АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚоғамСаясат

Батыс өңірлеріндегі жастар үшін сапалы жоғары білімге қол жетімділікті қамтамасыз етуді ұсынды

Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай ел аумағында танымал жоғары оқу орындарының кемінде 5 филиалын ашу қажеттігін атап өтті. Оның ішінде кемінде екі ЖОО еліміздің батыс өңірінде орналасуы және техникалық бейіні болуы тиіс. Айта кету керек, бұған дейін Президент Қ.К. Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу барысында МФТИ және Бауман атындағы ММТУ сияқты ресейлік жоғары оқу орындарының Қазақстанда филиалын құрудың маңыздылығы туралы айтқан болатын.

*************************************

Мұндай ұсыныстың маңыздылығы батыс өңірлеріндегі жастар үшін сапалы жоғары білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету және жастардың маргинализациялану, олардың деструктивті діни ағымдарға тартылу қаупінің алдын алу қажеттілігімен байланысты. Бұл аймақтардағы жоғары білім беру ұйымдарының желісін дамыту демографиялық процестер тұрғысынан да өзекті. Атап айтқанда, Маңғыстау облысында 2020 жылдың соңындағы жағдай бойынша жастар саны 147,4 мың адамды құрады. Бұл ретте облыс аумағында 10 мыңнан астам студент контингенті бар 2 ЖОО ғана жұмыс істеді. Жаңа жоғары оқу орындарының ашылуына батыс өңірлердегі жастар арасындағы қоғамдық пікірді, атап айтқанда, сапалы жоғары білімге қол жетімділіктің болмауы сияқты көші-қон факторларының негізгі pull факторларын талдау да оң әсерін тигізуде.

Президент Қ.К. Тоқаев утилизациялық алымның мөлшерлемесін қайта қарау және оны жинау бойынша тапсырма берді

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ҚАУІПТІ ВИРУСТЫ ЖҰҚТЫРУШЫЛАР ҚАТАРЫ КӨБЕЮДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *