Жаңалықтар

Халық қалаулысы қаланың жарықтандыру жұмыстарымен танысты

Шымкентте аулаларды жарықтандыру жұмыстары жалғасуда.

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021 — 2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген Жол картасындағы 125-ші индикаторының қаланың барлық көшелері мен аулаларын жарықтандыру бойынша орындалуына бақылау жасау мақсатында Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Сүлейменов Қайрат Мұсаханұлының қатысуымен

көшпелі іс-шара өтті.

Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 220 көшесі жарықтандырылған. Бұдан бөлек, 1026 көпқабатты тұрғын үй аулалары мен 8 саябақ, 38 гүлзар аумағы жарықтандырылған. Бүгінгі таңда, қаланы түңгі жарықтандыру қамту көрсеткіші 30-% құрайды. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында 2021 — 2023 ж.ж. мемлекеттік-жекешелік әріптестік (ГЧП) бағдарламасы аясында қосымша 312 көшені (2021 жылы – 104 көше, 2022 жылы — 102 көше, 2023 жылы — 106 көше) жарықтандырып, қамту көрсеткішін 70-% жеткізу жоспарлануда.

Ағымдағы жылы 104 көшені жарықтандыру жоспарланған. Қазіргі таңда жұмыстар толығымен аяқталған, 2021 жылдың қорытындысы бойынша жарықтандырылған көше саны 324-ке жетті. Яғни, жарықтандыру көрсеткіші 30%-дан 43,4% жетті. Ал, 2023 жылы жарықтандыру көрсеткішін 70%-ға, 2025 жылы 100%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

ШЫМКЕНТ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ІШКІ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫНЫҢ ОРНАТЫЛУЫНА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛДЫ

Алдыңғы

Шымкент: жаңа саябақта 2263 дана ағаш көшеттері отырғызылды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *