АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚоғамСаясат

ШЫМКЕНТТЕ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЖАСТАРМЕН ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мақсат Раманқұлов пен Фахриддин Қаратаев Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапармен келді. Халық қалаулылары алдымен Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығында болып, белсенді жастармен кездесті.
Кездесу барысында депутаттар елімізде жүргізіліп жатқан реформалар, жастарды қолдау үшін мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімеледі.
—Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Елбасы жақында жарық көрген мақаласында «Осы жылдар ішінде әлемдік ғылым мен мәдениеттің ең үздік жетістіктерін меңгерген жаңа ұрпақ қалыптасты» деп атап өтті. Міне, Сіздер, сол тәуелсіздік ұрпағысыздар! Еліміздің болашағы жарқын, Қазақстан мықты болуы Сіздерге байланысты. Елді көркейту үшін бірлігімізді бекемдеп, жастарымыздың дені сау, білімді де бай-қуатты болуына мән беруіміз керек. Денсаулық үшін спортпен айналысу, сапалы білім үшін көп оқу, бай болу үшін адал кәсіп істеу және бірлікті сақтау үшін әрқайсымыз ішкі мәдениетімізді арттыруымыз керек. Ең бастысы, бүгінде мемлекет жастарға осының барлығын жасауға мүмкіндік беріп отыр. Қазақстанда білім аламын, бизнеспен айналысамын деген адамға барлық мүмкіндік бар. Бізге ешкім жақсы өмір мен жарқын болашақты дайындап бермейді. Бәріміз бір кісінің баласында еңбек етіп, алға ұмтылуымыз керек, – деді депутат М.Раманқұлов.
Кездесу барысында жастар депутаттарға өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салды.
Мұнан кейін төменгі палата өкілдері Шымкент қалалық Азаматтық альянсының «Азаматтық ресурстық орталығының» жұмысымен танысып, үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен және қоғамдық пікірдің көшбасшыларымен кездесті.

Айдар ҚҰЛЖАНОВ,
Фото Серік ҚОСАЕВ.

Шымкентте 238 сәби Тәуелсіздік күніне орай «Сүйінші» сыйлық бокстарын алды

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ МАЗМҰНЫ ЖАҢАРДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *