АймақЖаңалықтарҚоғам

Қызметтік ит ұстап берді

Оқиға 2021 жылдың 11 желтоқсанында болған. Шымкент қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқаратын әскери бөлімінің жасағына «жедел ақпарат түсті»:
— белгісіз азамат сағат 19.30 шамаларында Асқаров 12 көшесінің бойында тұрған көлік терезесіне қол сұғып, әмиян ұрлап, белгісіз бағытта жоғалып кетті деген.
Берілген сілтеме бойынша жасақ құрамындағы сержант Ерлан Отарбаев «Кай» атты қызметтік итімен аталған көше бойымен дереу іздеу шараларына кіріседі. Іздестіру барысында әскери жасақ өздерін көрген белгісіз азаматтың асыға қаша жөнелгенін байқайды. Сол азаматтың күмәнді әрекетін байқаған жасақ, қашып бара жатқан азаматқа қызметтік итті қолданатыны жайлы ескертеді, бірақ оған күмән тудырған азамат құлақ аспайды. Нәтижесінде, күдікті азамат қызметтік иттің көмегімен қолға түсті.
— Біз өз бағытымызбен қызмет атқарып келе жатқанбыз. Бізге түскен жедел ақпарат бойынша оқиға орнына келдік. Сол жерде күдікті азамат бірден көзге түсіп, «Кай» атты қызметтік иттің көмегімен ол адамды ұстадық, деп баяндады сержант Ерлан Отарбаев.
Айта кетерлігі, Шымкент қаласының қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін күзету бойынша Ұлттық ұланның әскерилерімен қатар қызметтік иттер де қызметке бөлініп тұрады.
Аталмыш оқиға бойынша Абай АПБ тергеу жүргізілуде.

**Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімінің баспасөз қызметі.*

Тарихи-танымдық жобалар жасалады

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ САЙРАМ КӨМЕКШІ-ИНТЕРНАТ КОЛЛЕДЖІНДЕ БОЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *