🇰🇿 ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» Қоғаммен байланыс және ақпаратты талдау бөлімінің және Абай ауданы жастар орталығының ұйымдастыруымен «Кітап оқу және жылдам оқу құпиясы» атты семинар-тренингі өтті.
🔶 Курстың негізгі мақсаты: Жастарды кітап оқуға шақыру және оқу жылдамдығын арттырып, рухани дамуға жол ашу. Кітап оқу адамның санасына ғана емес, сонымен қатар денсаулығына да оң әсерін тигізеді. Оқу барысында, адамның бойында ерекше өзгерістер байқалады. Тарихта кітапты жылдам оқумен ерекшеленген тұлғалар аз емес. Жылдам оқу әдісін дамыту арқылы адамның түрлі қабілеті ашылуы мүмкін. Бұл әдісті адам кез келген жаста меңгере алады. Сондықтан жастарды кітап оқуға шақыру.
🔷 Семинар-тренингке «Жылдам оқу» жобасының тренері Аружан Өскенбай және Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі мен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің кітап оқуға қызығушылығы бар жастары қатысты.
🔰 Тренинг барысында жылдам оқудың құпиялары жайында түрлі жаттығулар жасатып, нәтижесінде жастар минутына 180-230 ға дейін оқу жылдамдықтарын арттырды.
♦️ Жылдам оқу дағдыларын дамытуға және оқытуға арналған кейбір пайдалы кеңестер:
1-жаттығу. Бұл жаттығу жұппен орындалады. Біріншісі кітапты ашады, сөз тауып, кітапты басқасына береді. Екінші адам дұрыс сөзді тез арада табу керек. Жаттығу сіздерге ең бастысы жылдам оқуға мүмкіндік береді.
2-жаттығу. Оқу кезінде артикуляциядан арылуға мүмкіндік беретін қызықты жылдам оқу жаттығулары бар. Мәселен, адамның миы қарапайым оқу арқылы (өзіне өзі айтады), сөйлеу ақпаратын өзіне қабылдайды. Мұндай жағдайда біріншіден езуімізді жиямыз, яғни дыбыстап оқуға болмайды. Себебі, адамның ойы сөзінен 21 есеге жүйрік.
3-жаттығу. Шұғыл оқуды дамыту үшін, әр сөзге көңіл бөле білу маңызды. Сөздерді ойға салмақ салу арқылы оқуды қалыптастырыңыз. Оқу барысында үзіліс жасауға болмайды. Оқып болған соң сөйлемдерге қайта оралудың қажеті жоқ.
Жылдам оқуды тез дамыту үшін аталған кеңестерді күнде қайталап отырған абзал. Есіңізде болсын, барлығы еңбектенумен келеді. Сондықтан да оқуды, күнделікті жаттығуларды тоқтатпаңыз.
Comments