АймақДенсаулықЖаңалықтарҚоғамСпорт

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СПОРТТЫ ДАМЫТУ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН

Еңбекші ауданы жаңа спорт алаңшасымен толықты. Ашық аспан астындағы спорттық тренажерлар мен стрит воркаут алаңшалары
М. Өзтүрік көшесінің бойында орнатылды. Ел игілігі үшін салынған спорттық нысанның салтанатты түрде ашылу шарасына аудан әкімінің орынбасары Д.Амангелдиев және аудан ардагерлерінің төрағасы З.Жәйшібеков қатысты. Өз кезегінде аудан тұрғындары оларға салауатты өмір сүру салтын ұстануға жағдай жасағаны үшін алғысын жеткізді.
Айта кетейік, Еңбекші ауданының аумағында спорт алаңшасын орнату жұмысы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес іске асуда. Бүгінде ауданда бюджеттен бөлінген қаржы бойынша 14, демеушілер есебінен 2 спорт алаңшасы орнатылған. Бұдан өзге »Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 2 спорт алаңшасы мен 2 ашық аспан астындағы спорттық тренаже және стрит воркаут алаңшалары ашылды.

МЫРЗАКЕНТТЕ 10 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Алдыңғы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҮЗДІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *