Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «SHYMQALA» тарихи-мәдени кешенінде «Отырар» Мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің «Ұлы жібек жолы және Отырар алқабының ортағасырлық өркениеті» тақырыбында жылжымалы көрмесі ұйымдастырылмақ.
Көрмеде көне өркениет тарихынан хабар беретін мұражай қоры жинағындағы ортағасырлық жәдігерлер — асханалық бұйымдар, зергерлік заттар және басқа да көне тұрмыста қолданылған археологиялық түпнұсқа жәдігерлер көпшілік көрермен назарына ұсынылады.
Comments