Шымкент қаласындағы Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Парасат жолы» жобасы аясында «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты тақырыпта кездесу кеші өтті. Кешті кітапхана қызметкері Сейтжанова Назира жүргізді. Кештің мақсаты Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, ел тарихындағы елеулі мереке кезінде құр даңғаза мен ысырапшылдыққа жол бермей, әрбір шараны елге пайдасы тиетін нақты істерге ұластыру болып табылды. Кештің қонақтары Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сабырбек Нұрманұлы. Желтоқсаншылар мүшесінің төрағасы Бейбіт Төлеметов, Сартаев Әбдурахман, Әбенов Нұрлан, Тұрлыбекова Сәуле, Оспанова Гүлмира, Шымкент Гарнизоны Әскери полиция бөлімінің Қаржы қызметінің бастығы аға лейтенант Ермеков Бақытжан Алибайұлы, Жол-көлік колледжінің оқытушысы Әбдікәрімова Ұлбосын, жастардың уақытын тиімді пайдалану орталығының мұғалімі Марғуба Мұхтарқызы өзінің бір топ оқушыларымен және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жанынан құрылған «Ақиқат» пікірсайыс орталығының төреғасы Абжан Темірхан Германұлы қатысты. Алғашқы сөз кезегі жазушы Момбек Әбдәкімұлына берілді. Ол өз сөзін алғашқы тәуелсіздікті қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы екенін және тарихымыз туралы кеңінен сөз етті. Келесі сөз кезегі ақын Сабырбек Нұрманұлына берілді. Ол, тәуелсіздік ең қасиетті ұғым екеніне жан-жақты тоқталды. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасаңыз, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінеміз. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде қалатынын айтты. Және желтоқсаншылардың ерлігі туралы тоқталды. Одан кейінгі сөз кезектері Желтоқсан мүшелеріне берілді. Сөзге шыққан аға апкелеріміз 1986 жылғы қанды қырғын желтоқсан оқиғаласындағы бастан кешкендері жайында айтып өтті. Кезекте кешімізге қатысқан «Жастардың уақытын тиімді пайдалану орталығының» бір топ жастары тәуелсіздікке арнап өлең шумақтарын арнады. Пікір сайыс орталығының жастары өз ойлары мен пікірлерін білдірді. Қорытынды сөз кезегін алған кітапхана директоры Нүрила Серікбайқызы келген қонақтарға алғыс білдіріп, іс- шараға ат салысып өнер көрсеткен жастарға мадақтама қағазын ұсынды.
Comments