АймақЖаңалықтарҚоғамМәдениетРуханият

ШЫМКЕНТ: КІТАП ОҚИТЫН БУККРОССИНГ БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ  

Тәуелсіздіктің 30 жылы аясында Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты Абай атындағы кітапхананың бастамасымен «Кітап оқитын Шымқала» буккроссинг шарасы өтті. Жиынға ақын С. Нұрман, Д. Танабаев, «Жас қаламгер» ақындар клубының мүшелері қатысты.

— Қала тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, қазақ әдебиетінің інжу-маржандарын қолжетімді ету мақсатында буккроссинг бұрыштары ұйымдастырылуда. Шілде айында қаладағы ауруханалар мен оңалту орталықтарында ашылған болатын. Бүгін Қаратау ауданының аумағында С. Бәйтереков ескерткіші мен №130 жалпы орта мектеп маңында ұйымдастырылып отыр. Бұйыртса, алдағы аптада қаланың басқа аудандарында да ұйымдастырмақпыз,- дейді Абай атындағы орталық кітапхананың меңгерушісі Нүрила Жұманова.

Көшедегі кітап сөресі қала тұрғындарын әдебиет оқуға ғана баулымай, адам бойындағы жауапкершілік, адалдық, тазалық сынды қасиеттерді де қалыптастыра түсері сөзсіз. Себебі, кітап сөресі еш бақылаусыз, ашық алаңда орналасқан.

Н. Жұманованың айтуынша, кез-келген қала тұрғыны сөредегі қызықтырған әдебиетті оқуға алып, қайта орнына әкелсе болды.Сондай-ақ, үйіндегі оқылған әдебиеттерін буккроссинг бұрышына сыйға да қалдыра алады.

Шара қонақтары кітапханашылардың кәсіби мерекесімен құттықтап, буккроссинг бұрыштарының оқырманы көбейсін деген тілек білдірді. Жиын цирк өнерпаздары мен мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Замира АЛДАБЕРГЕНОВА.

ШЫМКЕНТТЕ АЛАТАУ АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

Алдыңғы

ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ШЫМКЕНТТЕ ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *