АймақЖаңалықтарҚоғамСпорт

ШЫМКЕНТТІК КАРАТЭШІЛЕР МӘСКЕУДЕГІ ПРЕМЬЕР-ЛИГА ТУРНИРІНДЕ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында еліміздегі бұқаралық спортты дамытып, жастардың салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануларына жағдай жасау болатын. Бұл тұрғыда Үшінші мегаполисте ауқымды жобалар жүзеге асып, қаламыздың саңлақ спортшы жастары талай байрақты бәсекелерде ел намысын қорғап,  еліміздің атын әлемге танытып келеді. Осындай спотшы жастарымыздың бірі жуырда Ресей астанасы Мәскеуде каратэден Премьер-лига турнирі мәресіне жетіп, еліміздің спортшылары үш алтын медаль жеңіп алды. Бұл сында Шымкент қаласының спортшылары екі алтын жүлдені қоржынға салды.
+ 68 келі салмақта Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева финалда ресейлік Вера Ковалеваны жеңіп, алтын медаль иеленді. Айта кетелік, бұл Софьяның Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы жарысы.
Ерлер арасындағы бәсекеде Қайсар Алпысбай топ жарды. Ол 60 келі салмақтағы финалдық сында ресейлік Евгений Плахутиннен басым түсті.
Жерлестерімізді жеңісімен құттықтаймыз!

ӘРІПТЕС ТУРАЛЫ СЫР

Алдыңғы

КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАЛЫП, ШЫРАЙЛЫ ҚАЛАДА МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *