АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚоғамСпорт

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

    Шымкент қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан ҚР Кубогының жекелей және топтық көпсайыс бойынша жеңімпаздары анықталды. Спорт шебері және спорт шеберлігіне кандидат спортшылар арасында өткен бәсекеде Шымкент қаласының командасы 1 алтын, 2 күміс жүлдеге ие болды.
Тарқатып  айтқанда, спорт шеберлігіне кандидат спортшылар арасында жекелей көпсайыста Шымкент қаласының өкілі Милана Парфилова1-ші орынды иеленді. Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.  Топтық көпсайыста Шымкент қаласы спортшылары екінші орынға иелік етті.  Сондай-ақ, спорт шеберлері арасында топтық көпсайыс бойынша Шымкент қаласының құрамасы 2-ші орынды жеңіп алды. Ариадна Скворцова, Ұлжан Шалмұханбетова, Зере Әбдісадық, Еңлік Ержанқызы, Айсана Ұлықпанова және Виктория Борисова құрамы бұл жолы екінші орыннан көрінді. Нұр-Сұлтан қаласы бірінші, Алматы қаласының спортшылары үшінші орынға ие болды. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғап, биік белестерді бағындырған саңлақ спортшыларымызға қашанда сәттілік серік болсын дейміз! 

«SHYMKENT 2200: ТУРИСТІК КРЕАТИВТІ ҚАЛА БЕЙНЕСІ» ФОРУМ-КӨРМЕСІ ӨТТІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ 55 МЫҢ АДАМ КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯДАН ӨТКЕН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *