ЖаңалықтарҚоғам

Ұлытау: Ауыл тұрғындары Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 бозарша екті

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына — 30 түп бозарша 

«Көркейсе ауыл — көркейеміз бәріміз!» деген ұранды ұстанған Ұлытау ауданы, Ақтас кентінің ақсақалдары бастаған ауыл тұрғындары Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 түп бозарша ағашын отырғызды.

Құрғақ және ыстық климатқа, күн сәулесіне төзімді бозарша — «өмір ағашы» деп аталатынын көпшілік жақсы біледі. Осы орайда, тәлімді іске белсене атсалысқан ауыл халқы әрбір ағашты егемен еліміздің жетістігімен байланыстыра отырып атауды ұсынды.

Елдімекеннің айналасын көркейту, дамыту, көрікті келбетін жандандыру, сондай-ақ әрбір ұрпаққа патриоттық рухты үлгі ету мақсатында ауылдың үлкен-кішісін жұмылдырып, игі іске бастамашы болған ауыл әкімдігіне алғыс айтқан тұрғындар Тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуына ақ тілектерін арнап, ақсақалдар батасын берді.

-Ауылымыздың халқы жұмылған жұдырықтай болып ағаш егу ісіне белсене атсалысты. Кентіміздің көркейіп гүлденуіне әрқашан да осындай игі істер жасала береді. Сонымен қатар, Ақтас кентіне қарасты елдімекендерде шешімін күткен абаттандыру жұмыстары бойынша ауқымды жобалар қолға алынады,- деп Ақтас кентінің әкімі Дулат Сүлейменов осы іске қатысқан ауыл тұрғындарына алғыс айтты.

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 15 СПОРТ АЛАҢШАСЫ АШЫЛАДЫ

Алдыңғы

«ІСТЕЙТІН АДАМҒА ЖҰМЫС КӨП»

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *