ЖаңалықтарҚоғамМәдениет

«ЖҰТ” қойылымының премьерасы Жанат Хаджиев атындағы форум-фестиваль аясында өтті.  

Қарағанды облысы Жезқазған қаласында Серке Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында театр режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тәуелсіз «Платина Тарлан» сыйлығының иегері Жанат Хаджиев атындағы форум-фестиваль өтті. Аталмыш іс-шара ҚР Тәуелсіздінің 30-жылдығына және  Қазақ КСР Халық артисі, Социалистік Еңбек Ері Серәлі Қожамқұловтың 125 жылдығына арналған.Еліміздің бас қалаларында ұйымдастырылған Серке Қожамқұловтың 125 жылдығына арналған көрме фестиваль аясында  театрда көрермен назарына ұсынылды.             Есімі аңызға айналған, сахна майталманы болған атақты актердің жеке қолданыста болған эксклюзивті заттары, талай жылдық тарихы бар сахна киімдері, бүгінге естелік болған құнды суреттері көрсетілген бұл көрме “Қазақ сахнасының ірі тұлғасы” деп аталды.

Қазақ драмасында өзіндік қолтаңбасы бар драматург Иран Ғайыптың Абай әлемін ұғындыруға ұмтылдыратын, сол заманның зарын жүрекке жеткізетін “Мен ішпеген у бар ма?” қойылымы да қалың көпшілік назарына дәл осы фестиваль кезінде жол тартты. Театр актерлері барлық өнерін салып, Абай өмірін барынша шынайы түрде көрсетіп, көрермен көңіліне ой салуға тырысты.       Жаңа маусымның,  форум-фестивальдің ашылу салтанатында Қарағанды облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов Қарағанды облысының әкімі  Жеңіс Махмұдұлы Қасымбектің құттықтау хатын оқып берді. «Серәлі Қожамқұлов – қазақтың даңқты аға буын актері, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі. Ұлттық сахна өнерінің туын көкке көтерген сан қырлы актер Серәлі ағамыздың соңында қалған мұрасы – біздің өнеріміз үшін тағылымы мол рухани қазына. Ұлы актердің шығармашылығын дәріптеуді мақсат тұтуымыз керек» деп атап өтті облыс әкімі. Форум-фестиваль барысында тәжірибе алмасып, жаңа дүние үйренуге деген құлшыныспен келген актерлерге  “Сахна қозғалысы” және “Сахна сайысы”  актерлерді сахнада еркін эмоцияға, сезінуге баулитын “Актерлік шеберлігі” бағыты бойынша сабақтар өткізді. Шеберлік сағаттарында белгілі театр және кино әртістері, режиссерлер, өнертанушылар мен театр мамандары сарапшылар мен баяндамашылар рөлін атқарады.

Сонымен қатар, Жезқазған қаласының әкімі  Қайрат Әбсаттаров «Үш күн бойына жалғасқан шараның мақсаты – еліміздегі ұлттық театрлардың өнерін насихаттау,  Қазақстан халқының мәдениетаралық диалогын арттыру, дарынды әртістер мен режиссерлерді анықтау және оларға қолдау көрсету, қазіргі заманғы сахна өнеріндегі жаңа бағыттарды анықтау, өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуге атсалысу болып табылады.

«Төл шежіреміздегі қайғылы кезеңдерді ұлттық бірегейлігімізден бөле-жара қарау мүмкін емес. Сондықтан, біз саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етіп, есімдерін мәңгі есте сақтаймыз»,- деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атап өткеніндей, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арналған тұңғыш “ЖҰТ” қойылымының премьерасы болды. Станиславский атындағы Мәскеу “Электра” театрының актері, кино актері Азамат Нигмановтың қоюшы-режиссерлік етуімен дүниеге келген бұл спектакль көрермен жүрегіне зар заман уақытының ащы өксігі мен зұлматтар тырнағына ілініп тұрған қатал кезеңді сезіндіре алды. Жанат Хаджиев атындағы форум-фестивалі, театр шығармашылығын бағалайтындар  асыға күтті. Алайда, биыл фестиваль өзінің форматын өзгертті. Карантиндік шектеулерге байланысты кездесу форум түрінде өтті. Көптеген адамдар қатысуға ниет білдірсе де, қатысушылардың саны шектеулі болды. Көптен күткен форум- фестиваль И.Фишердің «Кірпі тоңы» атты  қуыршақтар қойылымымен жалғасты. Республикамыздың7 қаласынан келген жас актерлерді марапаттау рәсімімен өз мәресіне жетті.

Досхан Сәкен С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық драма театрының директоры: Серке Қожамқұлов — қазақ зиялыларының көрнекті өкілі. Ол — Қазақстандағы кәсіби театр мен киноға берік негіз қалағандардың бірі. Ал театр өз кезегінде егеменді елдің өнерінің іргелі орталығы ретінде халықтың жалпыадамзаттық рухани құндылықтарын бойына сіңіріп, мәдениеттің дамуына ерекше үлес қосады. Форум-фестивальде біз қатысушыларға мүмкіндіктерінің қандай деңгейге шейін жететінін көрсеткіміз келді. Біз олар Қазақстан мен Ресейде ғана емес, бүкіл әлем театрларында сұранысқа ие екенін жеткізгіміз келеді. Сонымен қатар тәжірибесімен де көрсете алады. Бүгінде бұл фестивальдің дәрежесі республикалық деңгейге жетті деп сеніммен айтуға болады.

Азамат Нигманов К.Станиславкий атындағы Мәскеу «Электра» театрынның актері, “ЖҰТ” қойылымының режиссері: Театрдың ең маңызды критерийі —  тірі болу, бүгінгі уақытқа жауап беру, көрермендермен қазіргі өміріміз туралы туындылар призмасы арқылы сөйлесу. Театрға мықты шығармашылық пен табыс тілеймін. Және ең бастысы – көрерменмен тығыз байланыс екенін айтқым келеді.  Оған көккейкесті мәселелер мен тереңірек тақырыптарды көтеру арқылы қол жеткізуге болады. Неге мен қойылым үшін дәл осы тақырыпты таңдадым? Меніңше, бұл тақырып әлі де толық қанды ашылмаған, зерттелмеген, сонымен қатар сол дерт қазақ халқының жүрегінен өше қоймаған. Қоғамға алға қарай жылжу үшін өткеннің қатесін мойындап, оларды түзетпегенше болашақ жоқ деп санаймын.

Ардақ Жарқынбеков С.Қожамқұлов атындағы  қазақ музыкалық драма театрының актері: Індетке байланысты өзге қалалардағы әріптестерімізді ұзақ уақыт көре алмадық, көптен күткен Жанат Хаджиев атындағы форум-фестивальдің осы үшін де бізге маңызы өте зор. Әріптестерімізбен сағынысып көрісіп, тәжірибе алмасып, бар білгенімізді көпке ортақ етіп, ортаға салудамыз. Ең алдымен, бізге  осындай керемет әсерлерді сезінуге мүмкіндік сыйлаған театрымыхдың басшыларына, шақыртуымызды аяқ асты етпей ат терлетіп жеткен қонақтарымызға, неше күн бойы дәріс беріп, актерлік өнердің қыр-сырып ұғындырып жатқан спикерлерге үлкен алғыс білдіреміз. Жақсы, мерейлі күндерде аман-есен жүздесе берейік дегім келеді.

 

Абильасан Нуржан Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының актері:  Шеберлік-сағаттар туралы айтар болсам: өзіміздің білімімізді арттыруға, білгенімізді одан әрі үйренуге көп көмегін тигізіп жатыр дей аламын. Бізде екі шеберлік сағаты өтті, бірі -Жалынбек Аханмен, бірі — Фархад Молдағалимен. Жалынбек біз сахнадағы демалуымыз, дұрыс тыныстаумен, физикамызжы өзімізге бағындырумен жұмыс жасасақ, Фархад ағадан көзбен жұмыс жасау, сахнадағы серіктесіңе сену арқылы іске асатын дүниелерге тағы да көз жеткізіп жатырмыз. Осы фестивальды ұйымдастырып жатқан театр ұжымына үлкен алғыс айтамыз, шақырту алғанда қатты қуандық, себебі, біліміңді арттырып отыру — әр актердің, әр маманның міндеті. Жалғыз Жезқазған қаласында ғана емес, еліміздің өзге де қалаларында осындай фестивальдер өтсе екен деген ниетіміз бар. Білім, тәжірибе ешқашан артық етпейді. Сол үшін үлкен рақмет!

 

ШЫМКЕНТТЕ КРЕАТИВТІ ЖОБАЛАР БОЙЫНША ФОРУМ-КӨРМЕ БАСТАЛДЫ

Алдыңғы

Ұлттық халық санағы – 2021 жыл

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *