Басты ақпаратЖаңалықтарҚоғамСпорт

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТІН ТАБЫС ЕТТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов каратэден Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Дархан Асәділов пен Софья Берульцеваға пәтер кілтін табыстады. Спорттағы жеңістер ел абыройы үшін қызмет ететінін айтқан қала әкімі Мемлекет басшысы жазғы Олимпиада ойындарында жүлдегер болған қазақстандық спортшылардың еңбегін ерекше бағалап мемлекеттік награда тағайындағанын атап өтті.  Төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел үмітін ақтаған Дархан Асәділов пен Софья Берульцева «Құрмет» орденімен наградталған. Мемлекеттік награданы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев табыстаған болатын. Мұрат Әйтенов жетістіктер арқылы каратэ спорт түрінің қалада даму деңгейін көрсеткенін айтып, осы еңбектері үшін қала тұрғындары атынан алғыс білдірді.  Айта кетейік, спортшыларға тұрғын үй қорынан «Нұрсат» шағын ауданынан 1 бөлмелі пәтер берілді. Каратэ спорты Олимпиада ойындарына тұңғыш рет енгізілген еді. Дархан мен Софья – каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері.

 

 

Музей қорына көне кітаптар мен қолжазбалар табыс етті

Алдыңғы

Ыстанбұлда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған естелік монетасы жарыққа шықты.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *