Шымкентте індетке шалдыққандар күн сайын азайып келеді. Соның дәлелі қаладағы провизорлық стационарлардағы төсек-орындардың 50 пайыздан астамы босады. Нақтырақ айтқанда, 4 350 төсек орыннан 2 397-і қысқарған.
Бүгінге дейін қалада 25 инфекциялық стационар жұмыс істеді. Эпидемиялогиялық жағжайдың тұрақталуына байланысты бұл емдеу орталықтарының 13-і жабылды.
Медициналық мекемелер қазір қалыпты жұмыс режиміне көшуде. Яғни, науқастар жоспарлы түрде бұрынғыдай ем қабылдай алады.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығында 1 953 орын бар. Төсек орын толымдығы 36 пайызды құрайды.
Айта кетейік, Шымкент қаласы ковидке қарсы вакцинациялау бойынша 86, 8 % көрсеткішпен көш бастап тұр.Соңғы тәулікте қалада 7286 адам вакцина алды (I компонент-4933, II компонент-2353). Егу науқаны басталғалы барлығы 467 916 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 388 362 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Comments