АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚоғамСпорт

ЕЛ ҚОРЖЫНЫНДА – БІР АЛТЫН, БІР КҮМІС ЖҮЛДЕ

    Кеше Шымкент қаласында нысана көздеуден Азия біріншілігі басталды. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан командасы бір алтын, бір күміс жүлде жеңіп алды.
Ересектер арасында 10 метрге пневматикалық тапаншамен ату жаттығуында отандасымыз Эльдар Иманқұлов жеңіске жетті. Оның еншісінде – 235.1 ұпай. Екінші орында Сауд Арабиясының өкілі Софар Мохамммад Алдосари, үшінші орында таиландтық Ноппадон Сутвирух. Жастар арасында тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден тағы бір қазақстандық Ярослав Махнев күміс жүлдеге ие болды. Бұл бәсекеде алтын жүлдені өзбекстандық Умидбек Камалбеков, қоланы тағы бір өзбек мергені Мұхаммад Камалов еншіледі. Ал жасөспірім арасында өзбекстандық Илхомбек Обиджонов жеңімпаз атанды. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы әзірге 1 алтын, 1 күміс жүлде иеленді. Айта кетелік, нысана көздеуден Азия чемпионаты осымен 14-ші рет ұйымдастырылып отыр. Құрлық додасы 20 қыркүйекке дейін жалғасады. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын саңлақ спортшы жастарымызға сәттілік серік болсын дейміз! 

ТӘУЛІК БОЙЫ ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ЕМХАНА

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕГІ «КАЗМЕДПРИБОР» ЖШС КҮНІНЕ 20 ӨЖЖ АППАРАТЫН ШЫҒАРАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *