Жаңалықтар

Халық қалаулылары құрылыс жұмыстарымен танысты

«Nur Otan» партиясының “Әр азаматқа лайықты өмір!” атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін әзірленген жол картасындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуына бақылау жасау мақсатында Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары, Фракция мүшелері Сулейменов Қайрат Мұсаханұлы, Аширбаев Байкен Аширбайұлы, Қуандық Сұлтанғали Нұрлыбайұлы және Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиевпен бірлесе Еңбекші ауданында орналасқан бірқатар құрылыс нысандарын аралады.
Мониторинг барысында 18 шағын ауданында орналасқан №38 жалпы орта мектебіне 375 орындық қосымша құрылыс жұмыстарын жүргізу және Теріскей шағын ауданында №46 жалпы орта мектебіне 300 орындық қосымша құрылыс жұмыстарымен танысты.
Мекеме басшылары мен қызметкерлерімен бір қатар мәселелерді көтеріп, шешуіне ықпал етуді сұрады. Қойылған барша сауалдарға заң аясында жауап берілді. Барлық көтерілген мәселелер тиісті мекемелерге жеткізіліп, арнайы бақылауға алатын болады.

САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ.

Алдыңғы

САЙЫПҚЫРАН СПОРТШЫЛАРЫМЫЗҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *