АймақБасты ақпаратДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТ: «ДОНОР БОЛ! ӨЗГЕГЕ ӨМІР СЫЙЛА!» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Шымкентте Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Донор бол! Өзгеге өмір сыйла!» акциясы жалғасын табуда. Қалалық Жастар ресурстық орталығының бастамасымен аталған шара осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр.  Қалалық қан орталығына бұл жолы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, мәдениет саласының өнерпаздары, спортшылар, мұғалімдер, рухани жаңғыру орталығының мамандары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, волонтерлер және белсенді жастар, жалпы саны 100-ге жуық адам қан тапсыруға жиналды.  Олардың әрқайсысы 450 граммнан қан тапсырды. Осылайша еріктілер қан құюды қажет ететін науқастарға көмектесті. – Жаңа оқу жылын игі іспен бастауды жөн көріп, жастарды оның ішінде студенттерді донорлық акцияға шақырып отырмыз. Жоғары және арнаулы оқу орындарының шәкірттерімен қатар, 10-ға жуық мекеме қызметкерлері бүгінгі акцияға белсенділік танытуда. Әр үш айда осы игі шара жалғасын табады. Орталығымыздың бірқатар қызметкері донор ретінде қан тапсыруды әдетке айналдырған. Басты мақсат – көмек қолын созу, — дейді Жастар ресурстық орталығының директоры Ерлан Айтбаев.  Айта кетейік, деннің саулығымен қоса қан тапсыру үшін бірнеше талаптарға сай болу қажет.
Қан тапсыруға 18 жасқа толған, салмағы 55 келіден асатын денсаулығында ақау жоқ әр адам донор болып ала алады. Сонымен қатар, 48 сағат бұрын дәрі дәрмектер мен алкогольді өнімдерді қабылдамау және мүмкіндігінше шылым шекпеу керек

Мәслихат депутаттары Әл-Фараби ауданында атқарылған жұмыстардың барысымен танысты

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫНА ҚАРАЛАТЫН ҚАРЖЫ 10 ЕСЕГЕ АРТАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *