Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуды және спортты баршаға қолжетімді етуді айтқан болатын. Осы бағыттағы жұмыстармен қала әкімі Мұрат Әйтеновті бүгін Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек таныстырды.
Аталған ауданда жалпы 2021 жылға дейін 85 ашық спорт алаңшалары орнатылған. Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аясында және қала әкімінің тапсырмасына сәйкес осы жылы ауданда 15 ашық спорт, тренажер, воркаут алаңшалары орнату жоспарланған. Қазіргі таңда Қарабастау тұрғын алабында демеуші есебінен 1 ашық спорт алаңшасы орнатылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылған. Жоба құны 13,5 млн. теңгені құрайды. Сонымен қатар 14 спорт алаңшасын орнату бойынша мемлекеттік сатып алу іс-шарасы жүргізілуде. Аудан әкімінің айтуынша, 2011-2014 жылдар аралығында орнатылған қолданыстағы ашық спорт алаңшалырының 21-нің тозуына байланысты, келесі жылы қайта құру жоспарда бар. Одан бөлек, шалғай аумақтардан 10 спорт алаңшасын жаңадан құру жоспарлануда.
Comments