АймақЖаңалықтарҚоғамМәдениетСаясат

БҮГІНГІ ЖОЛДАУ — ЕРТЕҢГІ ӘРЕКЕТ

   Жылдағы дәстүр бойынша ел президентінің халқына жолдау жасалды. Биылғы 2021 жыл 1 қыркүйек күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезектегі жолдауы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауында дамудың басты-басты басымдықтарын нық атап көрсетіп кетті. Сөз басын эпидемиялық жағдайдағы Қазақстанның экономикалық дамуының кідірістеп қалғанын назарда ұстап, келесі атқаруға тиісті бірқатар жобаларды атап кетті. Соның бірі білім саласына қатысты көптеген өзгерістер жасауды қарастыру керектігін айтты. Атап айтар болсақ:  тұрмысы төмен, көп балалы отбасыдан шыққан мектеп бітіруші түлектердің мектептен кейінгі білім алуына жағдай жасау;  оқушы санына қарай мектептерді қаржыландыруды қолға алу;  шалғайда орналасқан ауылдарға жаңа мектептер салу; Мұғалімдерді қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта  даярлықтан өткізуіміз керек;  «цифрлы ұстаз» білім беру жобасымен мұғалімдерге материалдық қолдау көрсету,  мұғалім мәртебесін көтеру, жалақы үстемесін арттыру, т.б сынды негізгі бағыттарын да  айтып өтті.   Аса жауапты сала мамандары, мына біз, ұстаздардың расында еңбегіміз орасан зор. Президент Қ.Ж.Тоқаевтың осыны ескерусіз қалдырмай, біздерге жағдай жасап жатқаны — ең бірінші бізге үлкен жауапкершілік, міндет жүктеліп жатқанын біз білеміз және де біз ол үмітті, сенімді ақтауға уәде береміз.   Құрметті Отандастар, менің Әріптестерім!  Мен Сіздерді Президентіміздің жолдауын қолдай отырып біргелікте күш жұмсап, өз білімімізді, біліктілігімізді білім беру жолында аянып қалмауға тырысайық. Әрбір ұстаз жүрегі алдындағы шәкіртін ойласа, мен ойлаймын: біздің жүзіміз нұрлы, жарық болмақ!

ЖАҢА ЖОЛДАУ — ЖАҢА БЕЛЕС

Алдыңғы

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 15 АШЫҚ СПОРТ АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *