АймақЖаңалықтарҚоғамСаясат

ЕРТЕҢГІ КҮНГЕ-ЖАРҚЫН КӨЗҚАРАС

Шымкент қаласындағы Саттар Ерубаев атындағы N24IT мектеп-лицейі ұжымы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР — ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ” атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарымен танысты. Тарих пәнінің мұғалімі Ә.Бейсенбекқызы баяндама жасап, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында біршама жаңа бастамалар көтеріліп, білім саласына айрықша көңіл бөліп отырғанын айтты.
Мектеп-лицей директоры Ж.Т.Нысанбаева Президентіміздің жолдауын қолдай отырып, бірлікте күш жұмсап, өз білімімізді, біліктігімізді білім беру жолына жұмсасақ жүзіміз жылы, келешегіміз жарқын болары хақ екенін мәлімдеп, жолдауда корсетілген әр бір басымдыққа ерекше тоқталып өтті. Мектептегі дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсетіп, оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар беру және бір реттік ақшалай сыйақы да төлейтіндігін айта келіп, балалардың ұстаздарына да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандырып отырғаны көңіл қуантатын жақсы бастама екенін айтты. Орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы екендігін айтып, 225 мың оқушыға орын жетіспейтіндігін нақты көрсетті. Өз сөзінде Президент 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма бергендігін, бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттейтіндігін айтты.  Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болуда. Өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуге тиіс.
Бастауыш сынып мұғалімі Тоқбергенова Гүлшекер Ел президентінің “Мақсат бар, бағдар айқын, енді тек жүйелі түрде жұмыс істей білсек, біз алмайтын асу жоқ” деген жалынды сөзін қолдап, кез келген кедергіні еңсеріп, қиындықты жеңе алатынымызға сенім білдірді.

ӨКПЕСІ 85 ПАЙЫЗ ҚАБЫНҒАН НАУҚАС КОРОНОВИРУСТЫ ЖЕҢІП ШЫҚТЫ

Алдыңғы

ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІР САҒАТЫ ШАХМАТ ОЙЫНЫНА АРНАЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *