Жаңалықтар

«Тоқтаңыз! басып кету қаупі бар» атты ауқымды акция ұйымдастырылды

Тоқтаңыз! Басып кету қаупі бар
Теміржолдың тыйым салынған жерінен өту аса қауіпті болғанына қарамастан халықтың көпшілігі айналма өткелден өтуге қиынсынып, жолды төтесінен кесіп өтетіні жасырын емес. Жасы да, кәрісі де теміржол бекетінің белгіленбеген жерінен өтіп, қаншама қайғылы оқиға орын алды. Жүйіткіген шойын тұлпар бірден тежегішті тежеп, тоқтай алмайды. Ол тежегішті басқанымен сегіз жүз метр жерді басып өтіп бір-ақ тоқтайды. Осындай қайғылы оқиғаның алдын алу мақсатында жуырда ҚР ІІМ «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шара шеңберінде Түркістан станция желілік полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Тоқтаңыз! басып кету қаупі бар» атты ауқымды акция өткізілді.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – халықтың арасында тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтың жолын кесу, азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін арттыру және теміржол бойында жазатайым оқиғаларды алдын-алу болып табылады. Сондай-ақ, пойыз жолдың белгіленбеген жерінен кесіп өту адамдарды басып кету қаупін алдын алу, пойыз жолы маңында орналасқан тұрғындардың кәмелеттік жасқа толмаған балаларына темір жол ережелерін түсіндіру.

Іс-шара барысында Түркістан теміржол ұжымдарымен бірлесіп теміржол бойында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қала тұрғындары мен қонақтарға теміржол ережелерін сақтауды, пойыз астынан және белгіленбеген жерден өтуге болмайтындығы ескертілді. Түркістан желілікті полиция бөлімінің бірінші орынбасары, полиция майоры Саяуыш Мұқашевтың айтуынша, құқық бұзушылыққа жол берген тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке  тартылатын болады.
Сонымен қатар, Желілік полиция қызметкерлері ковидке қарсы санитарлық талаптарды сақтай отырып, темір жол төсеміне жақын жерде тұратын тұрғындар мен кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында теміржолдарда болу қаупін алдын алу бойынша түсіндірме әңгіме жүргізіп, арнайы дайындалған жадынамалар таратылды.


Ұқыпсыздық пен темір жол ережелерін сақтамау денсаулықтан айырылу мен өлімге әкелуі мүмкін. Темір жол жанында құлаққап киюге, жылжымалы құрамның астынан өтуге, келе жатқан немесе жөнелтілген пойыз жанымен жолаушылар платформасы бойымен жүгіруге, вагондарға жабысуға болмайды. Әрине, теміржол ережелеріне сәйкес теміржолдың арнайы төселген өткелінен басқа жерден кесіп өтуге түбегейлі тыйым салынған. Арнайы өткел бар.
Желілік полиция бөлімінің бірінші орынбасарының айтуынша, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімді жолда әрқашан ата-анасы немесе ересек адамдар бірге алып жүруі тиіс.

 

ЖОЛДАУ — ЕЛ КЕЛЕШЕГІНІҢ КЕПІЛІ

Алдыңғы

Отызға жуық сотталған азамат рақымшылыққа ілінуі мүмкін

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *