Жаңалықтар

Көлік жүргізушілер көмекке даяр

Еліміздегі үшінші мегаполисте аты жаман індетпен бірлесе күресуді мұрат тұтқандар көп. Солардың қатарында «Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер» басқармасы да бар. Бұл туралы Президентіміз халыққа арнаған Жолдауында да, пандемия басталғалы бергі ірі жиындардағы сөйлеген сөздерінде де коронавирус індетін бүкіл халық болып бірлесіп қана ауыздықтай алатынымызды үнемі айтып, індетке қарсы күресте мемлекет пен дәрігерлерге сілтеп тастап қарап отырмай әркім әл-қадірінше үлес қосуы қажеттігін айтып келеді.

«Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер» басқармасына қарасты мекемелердің көлік жүргізушілері қазіргі эпидахуалдың жақсартылуына өз үлестерін қосуға ниетті. Карантиндік талаптарға сай іс-шаралардың басым бөлігін онлайн форматқа ауыстырған мәдениет мекемелердің 9 қызметтік көлігі қажеттілігі жоғарылай түскен денсаулық саласына уақытша қызмет көрсетеді. Сұранысқа сай, қала тұрғындарынан ПТР анализ алуға, емханаларға жеткізуге, және өзге де қажетті қызмет үшін ақ халатты абзал жандарға қолқабыс болады.

Барлық жүргізушілер екпе алған, және басқа да қауіпсіздік талаптарын орындауы ерекше назарда. Ел игілігіне қызмет көрсететін көліктер де арнайы техникалық бақылаудан өтті.

Міне, осылайша бірлесе қимылдап, ақылдаса іс атқарсақ жеңбейтін жау, алмайтын қамалымыз жоқ.

 

Білімді болуға – оқу керек

Алдыңғы

«Бақытты бол» Әні мен өлеңі Арайлым Саттарованыкі. Орындайтын автор.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *