ЖаңалықтарҚоғам

Білімді болуға – оқу керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы еліміз үшін сындарлы кезеңмен тұспа-тұс келді. Өйткені пандемия әлеуметтік, саяси және экономикалық жоспарларымызға үлкен өзгерістер енгізді. Соған қарамастан Мемлекет басшысы экономикалық дүмпуге серпін беретін жаңа шараларды ұсынды.

Білім саласына да ерекше тоқталып, Үкіметке нақты міндеттер жүктеді. Атап айтсақ, азаматтардың сауаттылық деңгейі мен олардың цифрлық білімін арттыру мақсатында үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеу керектігін алға тартты.

«Бұл құжатта бейресми білімнің баламалы нұсқаларын белсенді енгізуді, өзіндік оқудың нәтижесін мойындауды, кәсіби дағдыларды серфикаттауды қарастыру керек»,-деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Шыны керек, қазіргі таңда әр мектеп, әр колледж немесе жоғары оқу орны балаларды өзіне ыңғайлы жолмен қашықтықтан оқытуда. Нақты, ортақ онлайн оқыту құралы болмады. Осыған орай Президент толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім платформасын шұғыл әзірлеуді тапсырды.

Жолдаудағы «Санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн. Балалар қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да, сапалы білім алуы керек»,-деген жолдар әрқайсысымызға ерекше күш берді. Сонымен бірге Жолдауда ұстаздардың жалақысы 2021 жылдан бастап 25 пайызға өсетіндігі, «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1 мың грант бөлінетіндігі де белгілі болды.

Бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыратын қағидаттарды атаған Президент «Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек, осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деді. Бұл сөздермен де толықтай келісемін. Біз қандай жағдайда болмасын барлық күш-жігерімізді өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беруге жұмсауымыз қажет. Қорыта келгенде, мектеп ұжымы Жолдауда көрсетілген міндеттердің орындалуына белсенді атсалысуда.
Советкүл АЙДҮЙСЕНОВА,

Шымкент қаласы,

№60 жалпы орта білім беретін мектептің

география пәні мұғалімі.

ШЫМКЕНТТЕ ЕКПЕ АЛУҒА ҮНДЕЙТІН АКЦИЯ ӨТТІ

Алдыңғы

Көлік жүргізушілер көмекке даяр

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *