Шымкент қаласында туризм саласы мамандарын даярлауға бейім білім ұясының бірі – С.Көбеев атындағы оқу ошағы. 2020-2021 оқу жылында аталмыш мектеп түлектерінің басым бөлігі туризм мамандығы бойынша білім гранттарының иегері атанған. Аталшым білім ұясындағы алғашқы қоңырау салтанатына бүгін — қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Ермекұлы арнайы қатысты. Оқушыларды сапалы білім нәрімен сусындатып отырған мектеп табылдырығын биыл – 131 бүлдіршін аттаса, жалпы шәкірттер саны – 1200-ден асады.
Басқарма басшысы білікті ұстаздар, зияткер жастарды білім күні — дәстүрлі жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оларға ізденіс жолында сәттілік тіледі. Айта кетейік, білім беру мекемелерінің қызметкерлері және баланы білім ордасына алып келген адамдар «Ashyq» қосымшасын қолданады. Аталған мектептің білім ордасының бітіруші түлектерінің басым бөлігі туризм саласын таңдағанф көңіл қуантады. Еліміз бен қаламыздың туризм саласының гүлденуіне үлес қосатын жастарымыздың қатары көп болғай.
Comments