АймақЖаңалықтарҚоғамМәдениетРуханиятТарих

МӘРТӨБЕ КЕШЕНІНЕ КЕЛУШІ ТУРИСТЕР САНЫ АРТҚАН

Шырайлы Шымкент қаламыз бұл күнде туристік әлеуеті дамыған шаһарға айналды.  Қаламыздың көрікті жерлерінің саны артып,  оған келуші туристердің саны артқан.  Осындай қазыналы кешіннің бірі һәм бірегейі Қазақ Дала парламентінің түп қазығы — Мәртөбе.  Шымкент қаласының аумағында орналасқан туристік әрі тарихи нысанның бірі — Мәртөбе кешені. Бұл аумақта әйгілі Дала парламентінің келелі жиындары өтіп, «Жеті жарғыға» мөр басылған.  Ерекше кешені — Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын алабы мен Қарамұрт ауылының аралығында орналасқан. Бұл — ҮІІ-ХІІ ғасырлардағы қалашықтың орны. Биіктігі — 6-7 м. Қолайлы климат, айналаның алақандағыдай көрінісі, Ташкент пен Түркістан сияқты ірі қалалардың жақын орналасуы — осы қазақ билері жиналатын жерді таңдаудың негізгі факторы болған. Мәртөбе  кешені бүгінгі таңда танымал туристік бағыттардың бірі болып отыр. Бұл күнде кешенге келіп тамашалайтын туристердің саны артқан. Осы бағыттағы ауқымды жобалардың жүзеге ача беруіне тілектеспіз

ЕМХАНАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ЕРЕКШЕ БАҒАЛАУҒА БОЛАДЫ

Алдыңғы

ТУРИЗМ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАҒАН ТҮЛЕКТЕР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *