Жаңалықтар

«Берел» қорық-музейінің қызметкерлері Жолдауға қолдау білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі қызметкерлері де зор қуанышпен қабылдады.

Егемен ел болған 30 жылдың ішінде Қазақстан табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болғандығы туралы Президентіміз де айтып өткені белгілі. Еліміз 30 жыл ішінде өз тұғырын нық, бағытын айқын етіп, тұрақты қоғам қалыптастырды. Тәуелсіздіктің әрбір жылында өзіндік тарих, зор еңбек, қарышты қадамдар бар. Бүгінгі Жолдаудың бағыты да әрі қарай өркендеу мен өрлеуге, ұлттық мақсатымыздың қарқынын күшейтуге басымдық береді.

Жолдау аясында әлеуметтік-экономикалық даму мен оның жолдары, адам құқығын қорғау, денсаулық , білім, мәдениет сынды барлық салаларды дамытудың басым бағыттары сөз болды.

Жолдауда айтылған барлық мәселелерге оң көзқарас танытқан музей қызметкерлері еліміздің әл-ауқатының жақсаруы үшін жасалған игі қадамдар жөніне ой бөлісіп, пікір алмасты.

 

«Берел» қорық-музейі көпбалалы отбасыға көмек көрсетті

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *