Мемлекет басшысы өз Жолдауында балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударды. Осы ретте биыл он жылдығын атап өткелі отырған Шымкент Цирк мекемесі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ҚР Конституция күніне орай, он үйірмені іске қосты. Шабандоз, Әуе гимнастикасы, Аквагрим, Канат, Иллюзия, Жонглирование, Моноцикл, Клоун, Акробатика және Вейл пои дэнс (би) үйірмелері өз жұмысын бастады. 30 тамыз күні Шымкент Циркте балаларға арналған үйірмелердің ашық есік күні өтті. Ашық есік күнінде, үйірмеге келген балалар цирк жанрларында өздерін байқап көріп, бейіміне қарай топтарға бөлінді. Жаттығу барсында балалармен жеке жұмыс істелді. Ата-аналарға үйірмелердің уақыты айтылды, алдағы уақыттағы жоспарлары туралы түсіндірілді. Үйірмеге 5 — 15 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Қатысушылар Цирк өнерін меңгере отырып, өздігінен еңбек етуге, көрермен алдында қысылмай өнер көрсетуге дағдыланады. Балалар цирк тарихымен танысып, түрлі трюктерді үйренеді. Цирк жанрларының ішінен (акробатика, эквилибристика, әуе гимнастикасы, клоунада, және т.б) өзіне ұнағанына бейімделіп, манежде жұмыс істеуді меңгереді.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМ САЛАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
БАТЫС ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА
Оқи отырыңыз
-
-
Түркістан облысында сарбаздар танкпен шайқасты
27 рет оқылды
Comments