АймақЖаңалықтарҚоғамМәдениетРуханият

ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫМЫЗДЫ НАСИХАТТАУДА ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР 

Шымкент қаласындағы туризм саласының дамуына тікелей жұмыс істейтін, туристерді тартып, қаламыздың иммиджі үшін түрлі шаралар ұйымдастыратын «Shymkent Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы» жуырда ресми түрде келушілерін қабылдап, қаламыздың туристік әлеуетін арттыруда уқымды жұмыстар атқарып келеді.  Орталықтың негізгі мақсаты – өңірде ішкі туризмді дамытып, туристік өнімдерді ілгерілету, қаланың тұрғындары мен қонақтарына ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету. Жалпы орталық жыл басынан бері, яғни 1 жарым айдың ішінде ақпараттық дүңгіршектер арқылы 128 адамға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетті. Оның ішінде Үндістан, Ресей, Өзбекстан сынды елдерден келген туристер де бар.  Орталықта туристерді көптеп тартуда тәулік бойы Call-орталықта жұмыс жасап келеді. Айта кетейік, биыл қаңтар айында Шымкент қаласында туристерге арналған «Visit-shymkent.kz» порталы мен мобильді қосымшасы іске қосылды. Портал мен қосымшада қала тұрғындары мен қонақтары мегаполис аумағында өтіп жатқан кез келген мерекелік іс-шарадан хабардар бола алады.

ШЫМКЕНТТЕ ЕКПЕ АЛУҒА ҮНДЕЙТІН АКЦИЯ ӨТТІ

Алдыңғы

МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМ САЛАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *