ЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТКЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ МЫҢНАН АСТАМ ҚОНЫС АУДАРҒАНДАРҒА ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі 30 жылдығына орай, Шымкент қаласында жыл басынан бері көшіп келген 798 отбасындағы 1099 азаматқа қандас мәртебесі берілді. Елге оралғандардың көпшілігі Өзбекстан, Ауғанстан, Қытай және Ресей елінен көшіп келіп, қаланың әр ауданына қоныстанып отыр.

Алыс-жақын шетелден көшіп келген қандастарды қолдау мақсатында басқармаға қарасты «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру» орталығы 6 ай мерзімінде мемлекеттік тілді үйренуі, ортаға бейімделуі, жұмыспен қамтылуы, баспана мәселесі бойынша, әлеуметтік жағынан қолдау негізінде қызмет түрлері көрсетіледі.

Сонымен қатар, орталық 12 түрлі мамандық бойынша тегін оқытады. Олар: тігінші, кондитер, есепші, компьютер графикасы, шаштараз жәнет.б.

Айта кетерлігі, жұмысқа орналасып, баспана салып, өз кәсіптерін дөңгелетіп отырған қандастар да жоқ емес. Соның бірі «Дәнекерлеу ісі» кіші кәсіптік мамандығын тәмамдаған Мырзахметов Мадияр есімді қандасқа бүгінде мемлекеттік бағдарлама аясында жұмысқа орналастыру бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, орталық мамандарының көмегімен елге бейімделуі қарқынды жүріп, ҚР азаматтығын алып, еңбек сүйгіштігінің арқасында, Құрсай елді мекенінен үй тұрғызып, баспаналы болды.

СОЛТҮСТІК САЯЖАЙ ШАҒЫН АУДАНЫ БИЫЛ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Алдыңғы

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР АРТЫП КЕЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *