ЖаңалықтарҚоғамМәдениетРуханият

КИЕЛІ ОРЫНДАРҒА САЯХАТ ЖАСАЛДЫ

Туризмнің ерекше түрі – діни туризмнің жандануы өңіраралық келуші қонақтарды тартуда маңызды рөлге ие. Мәселен, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Рухани жаңғыру» республикалық жобалық кеңсе өкілдері — Сайрам тұрғын алабында орналасқан Ибраһим ата, Қарашаш ана және « Хызыр» мұнараларын аралап, зиярат жасады.
Қаламыдағы  «Visit Shymkent» орталығының қызметкерлері — қала қонақтарын сәулетті кесенелер туралы тың мағлұматтар әрі қызықты деректермен құлағдар етті. Қожа Ахмет Яссауидің анасына арнап салынған — Қарашаш ана кесенесі мен әкесі Ибраһим ата кесенесі саяхаттаушыларды таңдандырды. Қазіргі таңда, Түркістандағы Ясауи кесенесін көруге аттанған адамдар, алдымен Сайрам жеріне атбасын бұру дәстүрі қалыптасып келеді.  Айта кетейік, Шымкент қаласынан республикалық маңызы бар «Қазақстанның киелі жерлері» жобасына 10 шақты нысан енгізілген. Бұл деректің өзі шаһардың туристік әлеуетінің жоғары екендігін көрсетеді.   Шырайлы қаламыздағы туристер мен қала қонақтары үшін қаламыздың туристік әлеуетін арттыруда жұмыс атқарып жүрген орталықтың бұл бағыттағы жүйелі жұмыстары өз жалғасын таба бермек!

КӨКӨНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА ЖАҢА ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Алдыңғы

БАҚ ӨКІЛДЕРІ ТУРИСТІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *