АймақДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТКЕ VERO CELL ВАКЦИНАСЫНЫҢ 40 МЫҢ ДОЗАСЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

Шымкент қаласына қытайдың Vero Cell Sinopharm вакцинасының 40 мың дозасы жеткізілді. Бұл жайында қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлім етті.
«Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасы енді шымкенттіктерге қолжетімді! Қалаға жеткізілген 40 мың доза екпе емханаларға үлестіріліп берілді. Vero Cell вакцинасы әлемнің 45 елінде, соның ішінде Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Сербия, Беларусь, Бахрейн және басқа елдерде сәтті қолданылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Vero Cell вакцинасын осы жылдың 7 мамырынан бастап пайдалануға мақұлдады»,-деп хабарлады басқарма басшысы.
Қаланың бас дәрігері бұл вакцинаның ерекшелігін де атап өтті. Оның айтуынша, вакцинаны сақтауда қатаң талаптардың болмауы ресурстардың жетіспеушілігі жағдайында өте ыңғайлы екен. Бұл әлемдегі ампуласы арнайы монитормен қамтамасыз етілген алғашқы вакцина, аталған монитор жапсырма вакцинаны жылы ортаға салған кезде түсін өзгертеді, бұл медицина қызметкерлеріне оны пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Енді қала тұрғындары бес түрлі вакцинаның бірін таңдай алады. Олар: Қарағанды қаласында шығарылатын ресейлік «Спутник V», қазақстандық QazVac, БАӘ елінде дайындалған Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі, Қытайдың Sinovac Biotech компаниясы жасап шығарған Coronavac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасы.  Құрметті қала тұрғындары, вакцинация коронавирусқа қарсы қорғаныстың жалғыз әрі тиімді әдісі. Солай ғана біз қалыпты өмірімізге орала аламыз.

ӘЙТЕКЕ БИ КӨШЕСІНДЕ ЖЕР АСТЫ ӨТКЕЛІ САЛЫНАДЫ

Алдыңғы

АУДАНҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ МАҢЫЗДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *