Мемлекет басшысының бұқаралық және балалар спортын дамыту бойынша берген тапсырмасына сәйкес, Шымкентте спортты қолжетімді ету мақсатында көптеп ашық спорт алаңшалары мен балалар ойын алаңдары салынып жатыр. Еліміздің үшінші мегаполисінде қолға алынған «Халық қатысатын бюджет» жобасына сәйкес биыл Еңбекші ауданына қарасты 18 шағынаудандағы №6,7 үйлердің аулаларына бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған жаттығу алаңшасы мен балалар ойын алаңы орнатылатын болды. «Нурстройтранссервис» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан эскиздік жоба дайындалып, мақұлданды. «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысып, жаңаланып жатқан аулалар соңғы рет 2013 жылы абаттандырылған. Аулалардағы элементтердің басым бөлігінің тозығы жеткен, темірден жасалынған бұйымдар. Қазіргі таңда аулаларды қайта жаңарту барысында заманауи ойын элменттері орнатылып, балалардың қауіпсіздігі үшін ойын алаңшаларының едендеріне резеңке жабын төселеді. 3 D ойын кешені, әткеншектер, тербелмелі теңгергіш, құмсалғыш, тербелмелі мотоцикл, тербелмелі жылқы ойын элементтері орнатылады. Одан бөлек жеңіл атлетикамен айналысатын «Street workout», тренажер алаңшасы орнатылады. Құрылысқа қолданатын заттардың барлығы тек отандық өнім болады дейді мердігерлер. Тіпті ойын алаңшасына төселетін резеңке төсеніштің өзі Шырайлы қаламызда жасалады екен. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш.
ҚАЛА ӘКІМІ ОРТАЛЫҚ СУ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
ШЫМКЕНТТЕГІ «ХИМФАРМ» КОМПАНИЯСЫ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨШБАСШЫЛАР ҮШТІГІНДЕ
Оқи отырыңыз
-
ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ РЕФЕРЕНДУМДЕ ДАУЫС БЕРДІ
15 рет оқылды -
ӨНЕР ЖҰЛДЫЗДАРЫ ДА РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
13 рет оқылды
-
Праздничная обстановка референдума
14 рет оқылды -
Comments