АймақЖаңалықтарҚоғамСпорт

СПОРТТЫҚ АЛАҢШАЛАРДЫ КӨБЕЙТУ БАСТАМАСЫ НАЗАРҒА АЛЫНЫП ОТЫР

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кезекті рет тікелей эфирге шығып, тұрғындар тарапынан туындаған  сұрақтарына жауап берді.
Тікелей эфир  барысында биылғы мамыр айында қолданысқа енгізілген мемлекеттік тапсырыс арқылы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына қаржыландыру жүйесі тақырыбына арналды.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  бұқаралық және балалар спортын дамыту жөніндегі нақты тапсырмасы бар екендігін атап өткен қала басшысы спортты дамытуда мақсатты жұмыстар атқарылып отырғандығын айтты.
Бұл бағытта мектептердегі спорттық үйірмелерге 156 мың бала қамтылып, спорт мектептерінде және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша жұмыс жүргізетін 5 спорттық ұйымға 17 мың бала тартылған.  Спорттық нысандардың тұрғындарға қолжетімді болуын ұйымдастыруда шағынаудандар мен тұрғын алаптарда 115 спорт алаңшаларын орнату бастамасы қолға алынып, іске асырылуда.
Қала әкімі Президент тапсырмасына сәйкес биылғы жылы спорттық және шығармашылық секцияларға жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі енгізілгенін атап өтті. Жаңа жоба бойынша 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар балалар мемлекеттік тапсырыспен кез-келген спорт секциясына, шығармашылық үйірмесіне тегін бара алады.  Жаңа жобаға сәйкес ата-аналардан спорттың 71 түрі бойынша өтініштер қабылданады. Қазір спорттың бокс, футбол, грек-рим күресі, жүзу спорты, үстел теннисі, каратэ, таэквондо, дзюдо, баскетбол түрлері бойынша ата-аналардан 2211 өтінім түскен. Жобаны іске асыруға биылға 339,8 млн теңге қаралып, 4096 баланың спорттық секцияларға баруына мүмкіндік берілген.  Шығармашылық үйірмелер бойынша бір мың баланы қамтуға 72 млн. теңге қаралған. Мемлекеттік тапсырыс 13 шығармашылық бағытты қамтиды. Ата-аналардан ұлттық би, халық биі, балл биі, деректі және көркем киносы, актерлық шеберлік үйрмелері бойынша 689 өтінім түскен.Балаларын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде спорттық секциялар мен шығармашылық үйрмелерге жаздырғысы келген ата-аналар artsport.edu.kz бірыңғай интеграцияланған білім беру платформасы арқылы өтініш қалдырады.  Жүйенің ерекшелігі – әрбір ата-ана спорттық секцияны немесе шығармашылық үйірмені өзі таңдай алады.Жаттықтырушылардың біліктілігін, нысанның орналасқан жерін таңдау мүмкіндігіне ие.  Тұрғындар тарапынан түскен сауалдарға жауап берген қала әкімі бұл жүйе тұрақты болатынын және алдағы жылдары оған бөлінетін қаражат пен балаларды қамту көрсеткіші өсетінін атап өтті.

Жолдаудағы бірлік пен түсінікке ұмтылыс

Алдыңғы

ҚАЛА ӘКІМІ ОРТАЛЫҚ СУ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *