АймақЖаңалықтарҚоғам

РЕФОРМА

Кондоминиум объектілерін жаңа бірлестірге көшіру қарқынды жүруде  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында көпқабатты тұрғын үйлерді басқарудың жаңа жүйесіне көшіруді бастау керектігі жайлы тапсырма берген болатын. Бұл ретте Президент Жолдауда: «Мүліктік меншік иелерінің бірлес-тігі» институтын енгізу жөніндегі реформа басталды. Тиісті заң да қабылданды. Ен¬ді барлық көппәтерлі тұрғын үйлер кезең-кезеңмен осы басқару нысанына көшеді. Бұл реформа меншікті басқару ісінде тұрғындар пікірінің ескерілуін, сондай-ақ тұрғын үйді пайдалану және жөндеу жұ¬мыстарына бөлінген қаражаттың ашық¬тығы мен есептілігі болуын көздейді. Үкімет пен әкімдер осындай маңызды реформаның жүзеге асырылуын қамта¬масыз етуге тиіс. Себебі мұндай бірлестік – өзін өзі ұйымдастыру және басқару институтының бастау негізі» деген еді.  Осы орайда Жолдауда жүктелген бұл міндет ҚР Президентінің 2020 жылдың 14 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген жалпыұлттық іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылып келеді. Жолдауда берілген тапсырма шеңберінде 2021 жылдың 29 наурызында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен жиналыста кондоминиум объектілерінің басқару органдары — мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) мен жай серіктестік (ЖС) құру бойынша жұмыстарды жандандырып, тіркеу процесін ай сайын кем дегенде — 10 пайызға арттыру міндеті қойылды.
Осыған байланысты қалада жаңа реформаны іске асыру қарқынды түрде қолға алына бастады. Ресми дерек бойынша Шымкентте жалпы саны 2239 көпқабатты үй бар. Бүгінге дейін олардың 478-і жай серіктестік, ал 95-і мүлік иелерінің бірлестігі болып жаңадан тіркелді. Тарқатып айтқанда, Шымкент қаласының Қаратау ауданында 481 көпқабатты тұрғын үйдің 8-і МИБ-ке, 125-і ЖС-ға, Еңбекші ауданында 630 көпқабатты тұрғын үйдің 6-уы МИБ-ке, 160-ы ЖС-ға, Әл-Фараби ауданында 672 көпқабатты тұрғын үйдің — 41-і МИБ-ке, 103-і ЖС-ға және Абай ауданы бойынша 453 көпқабатты тұрғын үйден 40 тұрғын үй МИБ-ке, 90-ы ЖС-ға көшті.
Сонымен бірге аудан әкімдері тарапынан аудан аумағында кондоминиум объектілері ретінде тіркелмеген көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.
Бүгінгі таңда сол іс-шаралар жоспарына сәйкес үйлерді кондоминиум объектілері ретінде тіркеу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Және оларды басқарудың түрін таңдау мақсатында кондомниниум объектілері иелерімен жиналыстар ұйымдастырылуда.
Таңдау еркінен кейінгі көпқабатты үйлерді МИБ немесе ЖС-ға тіркеу жөніндегі шешімдер аудан әкімі аппараттарының жауапты қызметшілері арқылы «Easy project» бағдарламасына енгізіледі.
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ

«ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАР – ҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Алдыңғы

ШЫРАЙЛЫ ҚАЛАМЫЗДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *