Басты ақпаратДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ОҚУШЫЛАР ОФФЛАЙНДА ОҚИДЫ

Коронавирус инфекциясы жасарып барады. 8 тамызда тіркелген 565 науқастың 100-і 18 жасқа толмаған балалар. Бұл туралы шаһардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев Шымкент қалалық акімдігіндегі Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
Қаланың бас санитарлық дәрігері биыл 1 қыркүйекте мектеп оқушылары оффлайн режимінде сабақ оқитынын айтты. Ол үшін қазір СЭС мамандары мектептерде зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әбдіманап Қошқарұлы білім ұяларында міндетті түрде Ashyq бағдарламасы орнатылып, оқушылар сыныпқа дене қызуы өлшеніп жіберілетінін жеткізді.
Сондай-ақ бас санитарлық дәрігер шілдеден жалғасып келе жатқан пандемия толқынының шарықтау шегі тамыздың 20-на дейін жалғасады деген болжам жасады.
Департамент басшысының мәлімдеуінше індеттен құтылу үшін тұрғындардың 70-75 пайызы вакциналануы керек. Әзірге шымкенттіктердің 35 пайызы ғана вакциналанған. Сонымен бірге бас санитарлық дәрігер 12 жастан асқан балаларға да екпе салынуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармағаны бәрімізге мәлім  жаңалық.

 

«АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» ЖОБАСЫ  БОЙЫНША ТІС ДӘРІГЕРІ БОЛЫП БАСТАДЫ

Алдыңғы

АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛАР БІРДЕН-БІР ЖОЛ – ЕКПЕ САЛДЫРУ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *