Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында көрсетілген басым бағыттарды жүзеге асыру, оның ішінде бұқаралық спортты дамыту мақсатында Шырайлы қаламызда жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында жастар арасында футболдан турнир өтті. Турнир Еңбекші ауданына қарасты Тоғыс тұрғын алабында өткізілді. Іс-шараның мақсатты белсенді жастарға қолдау көрсетіп, спортқа баулу болатын. Сонымен қатар ойын соңын қорытындылай келе белсенді деп танылған жастар алғыс хаттармен марапатталып, футболкалар тарту етілді. Жастарды спортқа баулып, оның ішінде бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мақсатында қаламыздағы Жастар ресурстық орталығының жұмысы жандана бермек. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану барысында мұндай жарыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.
Оқи отырыңыз
-
-
Түркістан облысында сарбаздар танкпен шайқасты
45 рет оқылды
Comments