Жаңалықтар

Қос елдің театр басшылары меморандумға қол қойды

Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры Мәскеудегі іссапар барысында С.Образцов атындағы Мемлекеттік қуыршақ театрының ұжымымен кездесті.

Жүздесу барысында балалар  театрының өндірістік тыныс-тіршілігі мен шығармашылық процесі таныстырылып, ұжым қызметкерлері заманауи трендтік технологиялар бойынша пікір алмасты.

Қос елдің театр басшылары шығармашылық ізденістерді одан әрмен жандандыру мақсатында ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Ресми кездесу барысында Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының директоры Досхан Сакенұлына С.Образцов атындағы Мемлекеттік қуыршақ театрының музейінде сақтаулы тұрған 1988 жылғы Жезқазған қуыршақ театрының архивтік құжаттары, «Балабек» қойылымының афишасы мен өзге де құнды жәдігерлері табысталды.

 

 

 

КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДА КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОТА АЛҒАШ РЕТ ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ЖАСАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *