Қаламызда эпидемиологиялық ахуал алаңдатарлық жағдайда. Барынша сақтық шараларын сақтап, өз денсаулығымызға жауапкершілікпен қарауымыз керек. Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде коронавирус инфекциясына қарсы 6379 адам вакцина салдырды: I компонент-1778, II компонент-4601. Егу науқаны басталғалы барлығы 358 446 адам вакциналанды. Оның ішінде 251 852 адам вакцинаның екі компонентін алды. 27 шілде күні қалада КВИ-дің 421 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 359, белгілері жоқ – 62). 285 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 136 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 106 орын бар. Төсек-орын толымдығы 65 %-ды құрайды. Сондай-ақ, өткен тәулікте ішінде 815 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 12 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Қалада эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі. Қала тұрғындарын қоғамдық орындарда бетперделік режимді сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз.
Comments