ЖаңалықтарҚоғамСпорт

ШЫМКЕНТТЕ «БЫЛҒАРЫ ДОП» ДОДАСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қазақстан Ресбликасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйектегі Қазақстан Халқына Жолдауында балалар спортын бұқаралық сипатта дамыту бойынша ел Үкіметіне жауапты міндет жүктегені бәрімізге мәлім. Аталған шараны өткізудің басты мақсаты –жас ұрпаққа салауатты өмір салтына сай, болашақтың тірегі, дені сау, жан-жақты тұлға тәрбиелеу. «Ұлттық мектеп лига» жарыстары 2015 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» жұмыс жоспарына сәйкес жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Алғашқы жылдары мектеп лигасы спорттың 3 түрінен өткізілсе, қазіргі таңда спорттың 10 түрін қамтуда.Атап айтсақ волейбол, баскетбол, гандбол, футбол, футзал, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, үстел теннисі және президенттік сынама түрлерінен еліміздің Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Павлодар, Талдықорған, Қызылорда, Семей, Орал, Шучинск және Шымкент қалаларында жас ерекшеліктері бойынша жарыстар өткізілуде.  Бүгінгі футболдан 5-6 сынып оқушы қыздар арасындағы республикалық Ұлттық мектеп лигасының «Былғары доп» жарысының ашылу салтанатына Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» жетекші сарапшысы Мухамадиева Мира Бекқазықызы, Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары, шахматтан халықаралық дәрежедегі гросмейстр Нахбаева Гүлсхан Сайфуллинқызы, Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Шаханов Мұхтар қатысты. Ашылу салтанатында Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның «Жұлдыздар» тобы мен «Жастар Лигасында» Бас жүлде иеленген фан-клубы өнер көрсетті.

 

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ  ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАЗА ҚҰРЫЛАДЫ

Алдыңғы

ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢ ҮШІН ЕКПЕ АЛ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *