ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ  205 МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Шырайлы қаламызда  эпидемиологиялық ахуал  алаңдатарлық жағдайда екенін жақсы білеміз.. Өткен тәулікте қалалық жедел жәрдем станциясына 2600 қоңырау түскен. Қазіргі таңда жұқпалы аурулар ауруханасында 345 науқас пневмония және коронавирустың Дельта штамымен ауырып, ем қабылдап жатыр.  Осындай ауру өршіп тұрған қиын кезеңде де қала тұрғындарының той, жиынға баруы тыйылмай тұр.
– Қаламызда бүгінгі таңда 490 орынға лайықталған қалалық Жұқпалы аурулар ауруханасында 345 науқас емделіп жатыр. Оның 129-ы жансақтау бөлімінде, 88-і ИВЛ аппаратымен өмір үшін күресіп жатыр. Бізге түскендердің барлығы дерлік ауру жұқтырған соң 10-15-ші күні келгендер. Ал Дельта инфекциясын емдеудің жаңа протоколына сәйкес, антибактериалды препараттарды 12 күннен кейін қабылдауға болмайды, — дейді Бақтығали Аюбайұлы.
«Қазір дәрігерлер дәрменсіз күй кешуде. Әрқайсымыздың денсаулығымыз өзімізге керек. Қанша адам жақынынан айрылып жатыр, қанша бала жетім қалып, зар жылауда. Өкініш соңы өлімге әкеліп жатыр. Қала тұрғындарына вакцина туралы айтсақ, мың сан сылтау айтады. Сол сылтаудың артында қаншама қайғы жатыр. Күн сайын жүздеген екіқабат әйелді, 400-500-дей ЖРВИ, пневмония, өкпесі 90 %-ға дейін қабынған науқастарды жедел жәрдем көлігімен тасып жатырмыз. Осының бәрін көзбен көріп отырып, неге сақтану амалын жасамасқа?! Бұл вирусты ел болып жеңбесек, тек медицина қызметкерлерінің күші жетер емес. Ол үшін ауру белгісі анықталса, емханаңызға хабар беріңіз. Қалада 205 мобильді топ жұмыс істеп жатыр. Сіздің үйіңізге барып, ПЦР сынамасын алып, ауру деңгейіне қарай ем тағайындайды не ауруханаға жатқызады», — деді Гүлнәр Мамытқызы.
Ал қалалық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Тимирхан Варзиловтың айтуынша, қалалық перинаталдық орталыққа соңғы тәуліктерде 160 жүкті әйел түскен. Оның 3-еуі аса ауыр жағдайда жан сақтау бөлімінде жатыр. 1 әйел қайтыс болған.
«Ана мен баланың өмірін сақтап қалу – біздің басты міндетіміз. Ол үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз. Стационарлар да ашық. Бұл вирус жүктіліктің кез келген мерзімінде қауіпті. Әсіресе 22 аптадан кейін әйел ағзасына көп жүк түскен уақытта аталған аурумен күресу қиынға соғады, — деді Т. Исабалұлы.
«Атамекен» медицина орталығында да соңғы тәулікте 355 науқас тіркелген. «Оның 55-і ауыр халде, 30-ы жан сақтау бөлімінде жатыр. Барлығы да үйде өз бетінше емделем деп асқындырып алғандар», — деді аталған орталықтың бас дәрігері Индира Артықбаева.  Жиынды қорытындылай келе салаға жауапты мамандар  қала тұрғындарын барынша сақтанып, адам көп шоғырланған жерлерге бармай,  екпе алуға шақырды.

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДА ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС ОРНАДЫ

Алдыңғы

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ  ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАЗА ҚҰРЫЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *