Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы еліміздегі Цифрлы Қазақстан жобасын жүзеге асыру барысында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Осындай тың жобаның бірі Шымкент қаласындағы әлемде екінші ұстаз атанған Әл-Фараби ауданында атауы заңдастырылған 45 көшеге 4321 дана QR коды бар тақтайша ілу жұмыстары жүргізілді. 2020 жылы аудан аумағында орналасқан 672 көпқабатты тұрғын үйлерге және 75 көшеде орналасқан 2380 жер үйлерге «QR-код» және индексі жазылған жаңа үлгідегі тақтайшаларды орнату жұмыстары жүргізілген.
Әл-Фараби ауданында жалпы 404 көше бар. Бүгінде аудан аумағында атауы берілмеген көше қалған жоқ. Жалпы, Әл-Фараби ауданы үшінші мегаполистің орталық аумағынан орын алған. Мұнда негізгі мәдени ошақтар, ең ірі сауда орындары, оқу орындары мен саябақтар, гүлзарлар, қонақүйлер орналасқан. Ауданда 400 аула бар. Олар жылдан — жылға абаттандырылып келеді. Жастар спортпен айналысу үшін де спорт алаңшалары да салынуда. Міне, осылайша барлық көше атауы берілген аудан күннен күнге тұрғындарды қуантып, көзәйіміне айналып келеді.
Comments