ЖаңалықтарҚоғамСпорт

ИГОРЬ СОН ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ  

Токиода өтіп жатқан жазғы олимпиада ойындарында  Қазақстанның атынан саңлақ спортшыларымыз ел намысын қорғап,  байрақты бәсекеде көк туымызды биікте желбіретіп жатыр.  Қазақстандық ауырлет Игорь Сон жеңіске жеткен сәтіндегі әсерімен бөлісті.  «– …Токиоға дейін осынша салмақ көтерген емеспін. Демек, бұл менің ірі жарыстарда көрсеткен ең жақсы нәтижем. Жаттығу залында қарсыластарды бақылап отырдық. Басты қарсыласым зілтемірді қисайтып алған кезде де уайымым кете қоймады. Бәрі болуы мүмкін ғой…  Мен жұлқа көтеруден жақсымын, серпе көтеруде біраз қиындық бар. Ал төрешілер есептемей қойған екі мүмкіндікке келер болсақ, екеуінде де шынтағымның қозғаланы кері әсер етті. Барлығы таза болуы керек.  Рахмет, Қазақстан! Маған қолдау көрсеткендердің бәріне алғыс айтамын. Алға, Қазақстан!»-деп өз сөзін түйіндеді  Игорь Сон.  Дүбірлі спорт додасында ел намысын қорғап жатқан спортшыларымызға алар асуыларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болып,  сәттілік серік болсын дейміз.  

ШЫМКЕНТТЕГІ 171-ШІ БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН АТА-АНАЛАРДЫ СST БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚЫТУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *